«Е-қылмыстық іс» жобасы іске қосылды

Қостанай облыстық ІІД қылмыстық істерді қарауды электронды форматта жүргізуді бастап кетті.

Тергеу жұмыстарына көп уақыт бөліп, қағазбастылықтан арылу – аталмыш жобаның басты артықшылығы. Аталмыш органның баспасөз қызметі хабарлауынша, қазіргі таңда Қостанай қалалық ІІБ қызметкерлері жаңа жүйемен жұмыс істеуде, бүгінге дейін 147 қылмыс іс қаралып үлгерген.

Бағдарлама қылмыстық істі қараудың барлық кезеңдерін қамтиды: тіркеуден бастап, үкімнің орындалуына дейін.

Қостанай облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арон Алматовтың айтуынша, қылмыс процессін цифрландыру айғақтарды жинау жұмысын оңайлатып, іс жүргізу құжаттарын жасауға, шығын мен жүктемені азайтуға көмектеседі.

Жобаны бірінші болып Астана қаласы мен Жамбыл облысы енгізген болатын. Кейін кезең-кезеңімен Қазақстанның барлық аймағы қолданды. Бағдарлама жүйесі заңсыз қолданушылардан жіті қорғалған, оған тек тергеушілер мен прокурорлар ғана кіре алады.

Пікірлер