Көлік өртену көбейген

Төтенше жағдайлар қызметкерлері автокөліктердегі өрттің санын көбеюі туралы хабарлады.

 

Биыл Қостанай облысында автокөліктерде 137 өрт орын алды. Жалпы шығын шамамен екі миллион теңге деп есептелді. Мұндай өрттердің негізгі себебін өрт сөндірушілер сымның қысқа тұйықталуынан деп түсіндіреді.

Апаттардың алдын алуға және мүліктің бүлінуіне жол бермеу үшін төтенше жағдай қызметкерлері қаланың автокөлік тұрақтарында бес рет рейд жүргізді. Соңғы рейд «Март» сауда орталығының және қала орталығында орналасқан автотұрақтарда жүргізілді. Олар жүргізушілермен әңгімелесіп, автокөлікте өрт болған жағдайда қандай әрекеттер жасалуы керектігі туралы парақшалар таратты.

– Өрттің алдын алу үшін барлық автокөлік жүргізушілеріне  ұнтақты өрт сөндіргіштерді ұсынамыз, олар әрдайым қол жетімді жерде болуы керек. Сондай-ақ, қозғалтқышы жанған жағдайда оны жабуға мүмкін болатын тығыз мата да керек болады, – дейді азаматтық қорғаныс кафедрасының маманы Арман Жақаев.

 

Дереккөз: kstnews.kz

Пікірлер