Қостанайда «Қымызмұрындық» фестивалі өтеді

23 маусымда Заречный ауылындағы «Арғымақ» атшабарында «Қымызмұрындық» фестивалі өтеді. Іс-шараның салтанатты ашылуы сағат 10.00-ге жоспарланып отыр. Фестиваль аясында ат жарысы, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі сияқты ұлттық ойындармен қатар, «Халық таңдауы» байқауы ұйымдастырылмақ. Оған облыстың әр өңірінен бие байлап отырған отбасылар қатысады. Жеңімпаздарды фестиваль қонақтары анықтайды.
Іс-шара барысында жұртшылық биені сауу мен қымыздың қалай дайындалатынын, оны күбіде ыстау әдісін тамашалай алады. Сондай-ақ көрермендер арасында лотерея ойнатылады.
 

 

Пікірлер