Маңдай батыр туралы жинақ шықты

Қостанайдағы «Қарлығаш» баспасынан «Маңдай батыр» жинағы басылып шықты.

Маңдай Байдәулетұлы ХVІІІ ғасырда өмір сүрген. Тарихта оның есімі Деріпсалды батырмен қатар аталады. Екеуі Аңырақай шайқасында үлкен ерлік көрсеткен.

Жинаққа Маңдай батыр жөнінде деректер, аңыз-әңгімелер, баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалармен қатар, Алтыс руының (Қыпшақтан тарайды) шежірелері енгізілген. Құрастырушының айтуынша, кітап Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бір жылдығына арналып отыр.

– Мен кәсіби жазушы емеспін, құрастырушы ғанамын. Маңдай бабамыз туралы әр жердегі деректерді бір жинақта тоғыстыруға тырыстым. Әрине, мәліметтер өте аз. Шежірелерді енгізген себебім, кейінгі буын батырмен қалай туысатынын білсін дегенім. Ел арасында батырдың бейітінен бір уыс та топырақ алуға болмайды деген түсінік бар. Бабамыздың зираты қасиетті орындардың өңірлік картасына енгізілді. Батырды білмейтіндер әлі де бар. Жинақты шығарудағы мақсатым – бабамызды лайықты ұлықтауға сәл де болса үлес қосу, – дейді Даниярбек Нұрғалиұлы.

Жинақ әзірге аз ғана таралыммен шығарылып отыр.

НТ

Пікірлер