Облыс әкімі журналистерді құттықтады

Байланыс және ақпарат күніне орай Қостанайда облыстық медиа-форум өтті.

Форумға Л.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай қатысып, «Жаңалықтар әлемінің болашағы» тақырыбында сөз қозғады. Іnformburo.kz ақпарат агенттігінің бас редакторы Михаил Дорофеев қазіргі заманғы редакциялық саясаттың қағидалары төңірегінде пікір білдірді.
Пленарлық отырыс соңында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов байланыс және ақпарат саласының бірқатар үздіктері мен журналистер арасында өткен конкурстың жеңімпаздарын марапаттады. Барлығы 31 адамға аймақ басшысының алғыс хаты мен облыстық журналистер одағының грамоталары табысталды.

  

  

Пікірлер