Орталықта түлектер кеші өтті

Мектеп бітірушілердің салтанатты кеші облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің құттықтауымен басталды. Аймақ басшысы өз сөзінде болашақ студенттер үшін Қостанай оқу орындары биыл 2 700 орындық жатақханалар салатынын мәлімдеді.
Облыста осы жылы орта білім ошағын бес мыңға тарта түлек бітіріп шықты. Оның ішінде 142 бала «Алтын белгі» алып отыр. Мұндай құрметті белгіні салтанатты кеште өңір басшысы 22 түлекке табыс етті.

Пікірлер