Саңырауқұлақ сатуға тыйым салынады

Бұдан былай Қазақстан базарларында саңырауқұлақтарды сатуға тыйым салынады. Бұл туралы kstnews.kz сайты жазды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Азық-түлік өнімдерін бөлшек және көтерме сауда нысандарында сатудың санитарлы-эпидемиологиялық талаптарын» бекітті. Енді базарларда саңырауқұлақтар мен үйде дайындалған сүт өнімдерін және консервілерді сатуға болмайды деп хабарлайды kstnews.kz сайты.

Бекітілген ереже бойынша саңырауқұлақ қосылған тағамдарды, үйде дайындалған кулинария өнімдерін, консервілерді сатуға тыйым салынған. Облыстық қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау нысандары бөлімінің басшысы Наталья Гаценбеллердің айтуынша, тыйым салынғандардың қатарында үй жануарлары, құстар мен төрт түлік мал да бар. Оларды базарда тірі күйінде сатуға болмайды. Ал саудагерлерді жазалау міндеті полицияға жүктелген.

Пікірлер