«Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай»

Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапханада «Жаңғырған өлкем, жасампаз Торғай» атты Жангелдин аудандық орталық кітапханалар жүйесінің іс-шарасы басталды.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Қостанай облысы ОКЖ кітапханалар күні» жобасын жариялады. Жобаның мақсаты – Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларындағы жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, кітапхана мен кітап оқудың рөлін арттыру.

Бүгінгі бағдарламада «Торғайдағы зұлмат жылдар» әдеби сұхбаты, «Жеңісті жақындатқан Торғайлықтар» библиографиялық галереясы, АОК библиографы, «Әнім сенсің тың далам» әдеби композициясы, «Торғайдың топжарғаны – Нұрхан ақын» әдеби қонақжайы, «Таланты талайды тәнті еткен» кеші, аудандық балалар кітапханасының «Шеберлікке шыңдар жол» клуб жұмысымен танысу, «Астана – ару қалам, асқақ ордам» көрме-викторинасы жоспарланған.

Жангелдин ОКЖ кітапханалар күні сағат 09.00-16.00 аралығында өтеді.

Пікірлер